Жамбыл облысының емдеу мекемелеріне 200-ден астам дәрігер жетіспейді.
Дерті дендегендер амалсыз орталыққа сабылады. Мойынқұм, Сарысу және Талас аудандарындағы елді мекен тұрғындарының мұң-зары - осы.
Жас мамандардың ауылда тұрақтап қалуы үшін оларға бірқатар әлеуметтік қолдаулар жасалуда.
Алайда, жоғары білімді мамандардың шалғайдағы елді мекендерге тұрақтауы әзірге қиын болып тұр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ