Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Жетіарал ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.
Медициналық нысанды салу үшін республикалық бюджеттен 145 миллион теңге бөлінген.
Қазір мұнда 13 маман жұмыс істейді. Олар Жетірал ауылдық округінде тұратын 3 мыңға жуық адамға ем-дом жасайды.
Жаңа ғимараттың салтанатты ашылуына облыс басшысы қатысып, емхана ұжымына жаңа медициналық көліктің кілтін табыстады.
Берік КӨШЕРБАЕВ