Отандық медицина еуропалық стандарттарға сай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық медицина еуропалық стандарттарға сай

10.10.2014
Отандық медицина еуропалық стандарттарға сай

Қазақстанның Ұлттық ғылыми-медициналық орталығы еуропалық стандарттарға 90 пайыз сай келеді. Бұл туралы аталған мекемеде өткен халықаралық семинарда айтылды. Еуропалық сарапшылардың бағалауынша, Ресейдің стандарттық көрсеткіші 56 пайызға ғана жетеді. Ғаламтор арқылы байланыс орнатқан шараға Еуропаның 30 елінің өкілі қатысты. Ал, отандық медицина мамандары шетелдің білікті ғалымдарына еліміздің жарқын жетістіктерінің барын зор мақтанышпен жеткізді. Айта кетейік, аталған орталық еліміз бойынша «Алтын сапа» сыйлығының 5 жұлдызды бағасына ие болған алғашқы мекеме.

Мәдина ТҰРҚАРА

Хабарламаларға жазылу