Ақтауда тері дертін емдейтін диспансер жабылуы мүмкін бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда тері дертін емдейтін диспансер жабылуы мүмкін бе?

01.11.2014
Ақтауда тері дертін емдейтін диспансер жабылуы мүмкін бе?

Ақтау қаласындағы облыстық тері-венерологиялық диспансері жабылуы мүмкін. Осылайша дабыл қаққан сырқаттар кешенді ем жүргізетін орынның сақталып қалуын қалап, біздің тілшілерге хабарласты. Мекеме не себепті қысқарады, науқастар қайдан ем алады?

Диспансер жанында 25 орындық аурухана мен 15 адамға арналған күндізгі стационар жұмыс істейді. «Мұның бәрі жабылатын болса, жұқпалы дерті бар жандар қайда жүгінеді»,-дейді сырқаттар.

Ал, Денсаулық басқармасының басшылығы мекеме жабылмайтынын, тек бірқатар өзгеріске ұшырайтынын айтты.   

Жазира ӘБІЛ  

Хабарламаларға жазылу