Биыл жергілікті бюджеттен 12 миллион теңгеден астам қаржы берілді. Соның негізінде оңалту мекемесіне заманауи физиоаппараттар мен галатерапиялық бөлме жабдықтары, дене шынықтыру қондырғылары сатып алынды. Бұл балалардың тыныс жолы, қантамыры, зат алмасу, жүйке жүйесі ауруларының алдын-алуға үлкен септігін тигізеді, дейді мамандар. Айта кету керек, Қарағанды облыстық балалар шипажайы еліміздегі тегін ем-дом көрсететін бірден-бір оңалту мекемесі.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ