Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында жаңа операция жасалды. Оны Америка Құрама Штаттарынан келген хирургтер жүзеге асырды. Операцияның ерекшелігі сол, омыртқаға бұрынғыдай диск салмайды, оның орнынан «кейтч» деп аталатын құрылғы орнатылды.
Бұл – науқастың отадан кейінгі жағдайының жақсы болуына едәуір әсер етеді. Шетелдік менторлар бір аптаның ішінде 6 операция жасады. Енді бұл күрделі отаны өзіміздің хиругтер жүзеге асыратын болады.
Жалпы нейрохирургия орталығына жылына 3-4 ментор келеді. Олар көбіне, Германия, Израиль және АҚШ-тың дәрігерлері.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ