Бруцеллез ауруы Қызылқоға ауданына қарасты Тасшағыл селолық округі мен Аққора елді мекенінде қой-ешкілерден тараған.
«Қазір малшылар да осы ауруды жұқтырып отыр», - дейді мал дәрігерлері.
Атырау облыстық аумақтық ветеринария-санитария инспекциясы жүргізген кешенді шара кезінде 2013 жылы 318 бас, былтыр 27 бас қой-ешкіден аталған аурулардың белгілері анықталып, малдың көзі жойылған.
Алайда, ауру ошағы толықтай жойылмағандықтан, бруцеллез ауруы биыл тағы да белең алып барады.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ