Екібастұзда сал ауруына шалдыққан балалар тегін емделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда сал ауруына шалдыққан балалар тегін емделеді

05.02.2015
Екібастұзда сал ауруына шалдыққан балалар тегін емделеді

Екібастұзда  «Әлем» деп аталатын сал ауруына шалдыққан балаларды емдейтін орталық бар.

Ашылғанына биыл 15 жыл толады. Осы уақыт аралығында жүздеген сырқаттар ем қабылдады. Олардың кейбірі құлан-таза жазылып, бүгінгі күні еңбекке араласып жүр.

Емдеу мекемесіне жыл сайын 30 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалады.

Балаларды үйлерінен әкеліп, апарып салу, емдеу, оқыту түгелдей тегін. Олар 16 жасқа дейін осы жерде дәрігердің бақылауында болады.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу