Италиялық ортопедтер Қарағандыда шеберлік сабағын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италиялық ортопедтер Қарағандыда шеберлік сабағын өткізді

09.02.2015
Италиялық ортопедтер Қарағандыда шеберлік сабағын өткізді

Қазақстандық дәрігерлер бұрын-соңды қиынға соққан балалардың туа біткен ортопедиялық ауруына операция жасаудың жаңа әдістерін меңгерді.

Еліміздегі әр алтыншы балада ұршық пен жамбас бітісінде буынның дұрыс жетілмегендігі кездеседі. Осыған қарсы ем-дом қолдану шаралары да түсіндірілді.

Мәселен, Италияда сәбилерге жастайынан жасалатын диагностикалық тексеру нәтижесінде мұндай көрсеткіш анағұрлым қысқарған.

Бұл баланың буын ауруы әбден асқынған тұста келетін ата-аналарға үлкен сабақ, - дейді дәрігерлер.

Карло Орего, «Чезаре Орриго» балалар клиникасының бөлім меңгерушісі (Италия):

Біз мұндағы әріптестеріміздің тез үйренетін қабілетіне таңғалдық. Шеберлік сыныптары барысында олар сүрінбей өтті. Тіпті ортопедияға қатысты кейбір әдіс-тәсілдері бізге де ұнады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу