Көз аурулары қазақ-ғылыми зерттеу институтының жаңа бөлімшесі ашылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көз аурулары қазақ-ғылыми зерттеу институтының жаңа бөлімшесі ашылды (ВИДЕО)

12.03.2015
Көз аурулары қазақ-ғылыми зерттеу институтының жаңа бөлімшесі ашылды (ВИДЕО)

Көз аурулары қазақ-ғылыми зерттеу институты - еліміздегі 80 жылдық тарихы бар бас офтальмологиялық орталық.

Мұндағы мамандар жылына 13 мыңға жуық науқасқа ота жасап, 5000 мыңдайына ем-дом шараларын көрсетеді.

Елордада «Саламатты Қазақстан 2011-2015» бағдарламасы аясында ғылыми-зерттеу институтының жаңа бөлімшесі ашылды.

Бұрын-соңды дәрігерлер науқасқа жарты сағат ота жасайтын. Ал, «Эксимер Лазер» құрылғысының арқасында 7 минутта ота жасап, көру қабілетін жақсарта алады.

Орталық күніне 200-ге жуық адамды емін-еркін қабылдайды.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу