Руслан Шәріпов: Ресей мен Украинадан енгізілген құс еті арзан болғанымен денсаулыққа зиян - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Руслан Шәріпов: Ресей мен Украинадан енгізілген құс еті арзан болғанымен денсаулыққа зиян

13.03.2015
Руслан Шәріпов: Ресей мен Украинадан енгізілген құс еті арзан болғанымен денсаулыққа зиян

Одақ қазақстандықтарды сырттан енгізілетін құс етінің арзан бағасына қызықпай, сапасы жоғары отандық өнімдерді тұтынуға шақырады.

3 апта бойы еліміздің ірі қалаларында жүргізілген сараптама нәтижелері Ресей мен Украинадан енгізілген құстың етіне су немесе арнайы тұздық егілгенін көрсетуде.

Бұл еттің салмағын 40-100 пайызға дейін ұлғайтып, оны арзан бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Сараптама нәтижелері Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсынылған.

«Құс өсіру саласын құтқарып қалу үшін, үкімет тиісті шаралар қолдануы керек», -  дейді одақ президенті.

Айта кетейік, Қазақстан құс өсірушілер одағының құрамына 103 ұйым, оның ішінде 58 құс фабрикасы кіреді. Тек жыл басынан бері елімізде 5 млрд-қа жуық жұмыртқа және 180 мың тонна құс еті өндірілген.

Хабарламаларға жазылу