Шара аясында мамандар келушілерді аталмыш ауруды емдейтін дәрі-дәрмек, препараттармен таныстырды. Бұл құрал-жабдықтар науқастарды дертінен «толық айықтырмаса да, оны асқындырмай тұрақты ұстап тұруына ықпал етеді»,- дейді мамандар.
Қазір елімізде 45 мыңнан астам демікпеге шалдыққан адам бар. Астанада 3 мыңнан асады. Соңғы жылдары астма дерті балалар арасында көбейген.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ