Оңтүстік Қазақстан облысында осымен екінші рет бауырға трансплантологиялық ота жасалды.
Бұл жолы 53 жастағы әйелге баласы бауырының жартысын бөліп берген. 12 сағатқа созылған күрделі операцияны жергілікті дәрігерлер беларусьтік мамандармен бірлесіп жасады.
Бауырын алмастырған Гүлнұр Сартбаеваның қазір жағдайы жақсы. Бауыр циррозымен 10 жыл бойы ауырған науқастың соңғы екі жылда дерті дендеп, денсаулығы күрт төмендеп кеткен еді.
Қазір өңірде 90-нан аса науқас бауыр алмастыру операциясына зәру.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ