Гүлнұр Серікханға күрделі операция бір апта бұрын ғана жасалды. Оның жүрек қолқасы арқылы миға және сол қолына тарайтын қан тамырлары тарылып, бітеліп қалған.
Жағдайы күн санап нашарлаған қызға, хирургтар жасанды тамырды айналма жолмен жалғаған. Елімізде алғаш атқарылған ауыр операциядан кейін Гүлнұрдың денсаулығы жақсарып, аяғынан тұрып кетті.
Ержан ЖАҚЫП