Астанадағы №7 емхана халықаралық сертификатқа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы №7 емхана халықаралық сертификатқа ие болды

18.06.2015
Астанадағы №7 емхана халықаралық сертификатқа ие болды

Дәрігерлердің төл мерекесі қарсаңында Астанадағы №7 емхана халықаралық сертификатқа ие болды. Құжат медициналық мекеменің сапалы қызмет көрсетуі мен қызметкерлердің кәсіби біліктілігін айқындайды.

Мамандар 1,5 жыл бойы халықаралық талапқа сай келудің барлық шарттарын орындаған.

Ғимараттың тазалығынан бастап, материалдық-техникалық базасы, науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету, тіпті, қызметкерлердің киім үлгісіне дейін тексерілген.

2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан емханада 500-ге жуық қызметкер бар. Оның 150-і - дәрігер, 250-і - медбике. Күніне 1500 адам қабылдайды.   

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу