2035 жылы әлемде қант диабетіне шалдыққан науқастар саны 592 миллионға жетуі мүмкін. Бұл жер бетіндегі адамзаттың оннан бір бөлігін қамтиды. Сол себепті күресті күшейтіп, азаматтарға кеңес беруді тоқтатпау қажет.
Қазақстан Медицина университетінде бас қосқан жоғары санаттағы эндикринолог мамандар және Диабет қауымдастығының өкілдері осындай пікір айтты. Қазір елімізде диабеттің алдын алуға бағытталған түрлі бағдарламалар қарастырылған. Қант диабетімен ауыратын науқастарды мемлекет тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Алайда азаматтар «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы ұстану керек,- дейді дәрігерлер. Ол үшін салуатты өмір салтын ұстанып, үнемі қозғалысты сиретпеу керек. Ал 2014 жылғы статистика бойынша елімізде 100 мың тұрғынға шаққанда 164 адам қант диабетімен ауырады екен

Kaznews.kaztrk.kz