Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова фармацевтикалық қауымдастықтардың басшыларымен меморандумға қол қойды. Келісімшарт 105 препараттың бағасын тұрақты ұстап тұруға бағытталған. Тізімде қабынуға қарсы, жүрек, асқазан ауруларына қажетті препараттар, көз және құлақ тамшылары мен дәрумендер қамтылған. Олардың 90 пайызы отандық өнімдер.