Талдықорғандық Асия Баленшеева науқас баласын емдету үшін мемлекет тарапынан квотаға ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғандық Асия Баленшеева науқас баласын емдету үшін мемлекет тарапынан квотаға ие болды

12.05.2016
Талдықорғандық Асия Баленшеева  науқас баласын емдету үшін мемлекет тарапынан квотаға ие болды
Дәрігерлер бүлдіршіннің бойындағы ақауды 8 айлығында анықтаған. Дертке қарсы қабылдаған ем-дом шаралары ауруды асқындырмағанымен, әзірге көңіл көншітерлік нәтиже бермеді.

Бір апта бұрын балалар омбудсмені Зағипа Балиеваның қоғамдық қабылдауында болған жас ана, мемлекет тарапынан көмекке мұқтаж екендігін айтқан.

Бүгін Асия қызы Алуамен бірге Астанаға ұшып келді. Бүлдіршін енді «Ана мен бала» орталығы дәрігерлерінің қарауында болып, қажетті ем-дом шараларын қабылдайды.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу