Медицина саласындағы өзгерістер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медицина саласындағы өзгерістер

16.02.2017
Елбасы Жолдауында 1 шілдеден бастап мемлекет пен жұмыс берушілер және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу міндеті қойылған. Осыған орай, Алматыда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа жүйені түсіндіру шараларын жүргізді.

Мекеме басшысының сөзінше, бұл әлемдік тәжірибеде дәлелденген жүйе. Оған қоса, елімізде бұған дейін мұндай мәселе көтерілмеген. Сондықтан, бұрын кеткен кемшіліктерді ескеріп, жаңа жүйені озық мемлекеттердің тәсілі арқылы іске асыруға мүмкіндік зор.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу