Қарағандыдағы кардиохирургиялық клиникада алғашқы ахуалдық орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы кардиохирургиялық клиникада алғашқы ахуалдық орталық ашылды

11.03.2017
Облыстағы жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан науқастардың барлығы орталықтың базасына енгізілді. Қазір өңірде осындай диагноз қойылған 120 мың науқас болса, соның 50 мыңға жуығының қан қысымы жоғары.

Дәрігерлер жылына шамамен 6 мың операция жасайды. Енді ахуалдық орталықтың көмегімен шалғай ауылдардағы науқастарға шұғыл диагноз қоюға мүмкіндік туды. Ол үшін дәрігерлерге науқастың электрокардиограммасын жедел жіберсе болғаны.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу