Елімізде соңғы 10 жылда туберкулезбен ауырғандардың саны 2,3 есеге кеміген. Өлім-жітім 5 есе төмендеген. Бұл туралы бүгін Алматыда бас қосқан сала мамандары айтты.
Олардың сөзінше, осы дертке шалдыққандардың саны 17 мың 451 адам. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2291 адамға кем. Демек, отандық дәрігерлер халықаралық ұйымдармен бірігіп, ауруды емдеудің озық әдістерін тиімді игерді. Оған жыл сайын мемлекет қазынасынан 35 млрд. теңге бөлінеді.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ