Франциялық эпилептолог Астанада кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциялық эпилептолог Астанада кездесу өткізді

24.03.2017

Наурыздың 23-і мен 26-сы аралығында елордалықтар нейропедиатрия саласы бойынша француз дәрігерінен кеңес ала алады. Эпилептолог Оливье Дюлак елімізге халықаралық эпилепсия күніне байланысты келіп отыр.

Дәрігер эпилепсия сырқатына шалдыққан сәбилерді қарап, арнайы емдеу шараларын ұсынбақ. Сондай-ақ, профессор отандық дәрігерлермен тәжірибе алмасып, тың идеяларымен бөлісетін болады.

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу