Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

31.03.2015
Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

Ресейдегі Алтай өлкесінің ең негізгі сыртқы сауда серіктесі – Қазақстан. Былтыр екі арадағы сауда айналымының көлемі 465 миллион АҚШ долларын құраған.

Алтайдан біздің елге негізінен теміржол вагондары, ағаш өнімдері, жылу станцияларына арналғын түрлі қазандықтар экспортталады.

Ал, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысы Алтай аймағына көмір, темір, бидай және түсті металл өнімдерін сатады.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда Ресей Федерациясымен бірлесіп жұмыс істеп тұрған 250-ден астам кәсіпорын бар. Олардың 40-қа жуығы осы Алтай өңірімен бірлесе жүзеге асырылған жоба.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу