Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында тұратын 5 жастағы Нұрбекке көмек керек. Кішкентай бала туғаннан кейін екі айдан соң «ми дертіне» шалдыққан. Қазір ақыл-ойының жетілуі өте баяу.
Сондай-ақ, операциядан кейін қос жанары да көрмей қалған. Оған қоса, дәрігерлер былтыр баланың бойында «эпилепсия» дерті бар екенін анықтаған. Сондықтан, ата-анасы ауыр дертке шалдыққан баласы үшін Атымтайдай жомарт жандардан көмек сұрауға мәжбүр.
Амангелді СЕЙІТХАН