Иммун тапшылығына шалдыққандардың басым бөлігі - жастар. Олардың 70 пайызы вирусты жыныстық жолмен жұқтырған. Бүгін қарапайым қауіпсіздік пен саламатты өмір салтын сақтамаудың соңы неге әкеліп соқтыратындығы оқушылар мен студенттерге түсіндірілді.
Қауіпті дертті жұқтырмас үшін дәрігерлер тұрақты тексеріліп тұруға кеңес береді. Әрі жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттаған абзал. Бүгінгі шараның басты көздегені де осы.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ