Астанадағы Президент іс басқармасы ауруханасының жанынан дәстүрлі Қытай медицина орталығы ашылды. Салтанатты шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, орталықтың жұмысымен танысты. Бүгінде дәстүрлі Қытай медицинасы әлемнің 140 елінде мойындалған және заманауи медицинамен қатар қолданылады. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде біздің елде де ғылыми медицинамен баламалы медицинаның қатар жүруі қажеттігін айтты. Өйткені, соңғы 5 жылда ем іздеп, Қытай асқан қазақстандықтар саны үш есеге артқан. Ал, енді сол емді өз елімізден алуға да болады.
Шынар АСАНҚЫЗЫ