Бұл туралы қазақстандық стоматологтар бірыңғай қауымдастығының президенті Сәуле Есембаева хабарлады. Ресми дерекке сәйкес, соңғы 2 жылда аталған кабинеттер саны ауылда 2 есеге өскен. Нәтижесінде, алыстағы ағайын қалаға сабылмай, қажетті қызметті өз елді мекенінде ала алатын мүмкіндікке ие болды. Жалпы, ел көлемінде 2 мың 611 стоматологиялық ұйым жұмыс істесе, оның 60 пайызы қалада, 40 пайызы ауылда орналасқан.
Ал, жыл сайын шамамен 700-ден астам жаңа кабинет ашылады. Алайда, емдеу орындарымен қатар тісжегінің таралу көрсеткіші де еселеніп келеді.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ