Алдағы уақытта науқас бір дәрігердің кабинетінен екіншісіне жүгіріп, уақыт, күш жұмсамайды. Себебі, медициналық мекемелерде бір бөлмеде отырып-ақ, бірнеше маманға көріну жүйесі іске қосылды. Қалалық №2 аурухана бастап енгізген жаңашылдық, ең алдымен, ұзын сонар кезекті азайтпақ. Жаңа жоба басталғалы 2,5 мың адам «бір кабинеттік жүйе» арқылы дәрігердің көмегіне жүгінген. Мамандардың сөзінше, осы арқылы халықтың шағымы да азайыпты. Шара медициналық сақтандыру кезеңінің алдында жасалып отыр. Сондай-ақ, енді емделушілер бас дәрігердің өзіне хабарласа алады. Әлеуметтік желілер арқылы да мекемеге, дәрігерлерге қатысты ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қоя алады. «Мұның барлығы медициналық көмек көрсету сапасын әлдеқайда арттырады»,- дейді мамандар.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ