Келер аптадан бастап тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер аптадан бастап тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары басталады

29.09.2017

Қазіргі уақытта иммундау жоспарына сәйкес, Ресейден 1 млн. 500 мың екпе сатып алынған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады. Мемлекеттік бюджет есебінен вакцинациялау жылдағыдай созылмалы аурумен науқастанатындарға, иммундық тапшылығы әлсіз, жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдерге жүргізіледі. Ал, қалған санаттағылар ақылы түрде егілуге болады. Оның құны 2000-3500 теңге аралығында. Мамандар мәліметінше, жыл сайын 1 млн. қазақстандық тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялармен науқастанады. Ал, оның асқынуы түрлі жағдайларға себепші.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл Мичиган, Гонконг және Брисбен вирустары таралуы мүмкін деген болжам жасаған. Сондықтан да, министрлік өкілдері екпенің қауіпсіздігі қорғалғанын ескертіп, иммундау жұмыстарына белсене қатысуға шақырды.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу