Алматыда литвалық жоғары санаттағы медицина мамандары шеберлік сабағын өткізіп, отандық дәрігерлермен тәжірибе алмасты. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің еліміздегі медицина саласын жаңғырту жобасы аясындағы халықаралық бағдарлама негізінде жүзеге асып отыр. Каунс қаласындағы Литва университетінің ғалымдары Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында толғақ кезіндегі ана мен бала өлімін болдырмаудың жолдарын талқылады.
Алматылық тілші Нұрлан Асқарұлы бір айға жалғасатын шараның бір күндік жұмысына қатысып келді.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ