Қазақстанда сүт безінің қатерлі ісігі кесірінен жыл сайын 1500 әйел көз жұмады. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық конгресте еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарова айтты.
Оның сөзінше, осы дертке әр жылы 4000 әйел шалдығады. Ал, күн сайын қауіпті аурудан 4, ал жатыр мойнының қатерлі ісігінен 2 әйел қайтыс болады. Олардың 30 проценті 30-40 жас шамасындағы бала көтеріп, босануға мүмкіндігі барлар. Сондықтан, дерт дендемей тұрып, уақытылы емделген жөн.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ