Қазақстандық дәрігерлер ядролық медицина саласында білімін жетілдіруге мүмкіндік алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық дәрігерлер ядролық медицина саласында білімін жетілдіруге мүмкіндік алмақ

02.11.2017

Қазақстан мен Жапония бірлесе отырып, медициналық препараттарды дайындамақ. Қазірдің өзінде отандық ғалымдар дәрілердің бірнеше түрін зертханада тексеріп жатыр. Ендігі кезекте, қазақстандық мамандар бастапқы сараптамаларды жапондық мамандармен бөлісіп, одан әрі жетілдірмек. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Жапония арасындағы медициналық меморандумға қол қою барысында белгілі болды. Келісімнің негізінде енді қазақстандық дәрігерлер Жапонияда ядролық медицина саласында білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Тиісті құжатқа бүгін Президент іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Ахметов және «Шиода Технол Корпорейшн» компаниясының жетекшісі Хироши Кавамура қол қойды.  

 Насрулла Шаназаров, профессор-онколог:

- Ядролық медицинаның бізде Алматыда бір, Астанада екі орталығы бар. Дүниежүзі бойынша әр миллион адамға бір ПЭД центр болу керек. Ал, бізде 18 миллион адамға тек екі ПЭД бар. Жоспар бойынша  ондай орталық оңтүстікте де құрылады.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу