Қазір жүрегіне шағым айтып келетін адамдардың жасы 18-ге дейін жасарған. Бүгін елордаға Ресейден мастер-класс өткізе келген танымал кардиохирург Сергей Артеменко осындай пікірде. Дәрігердің алдына келген науқастың жүрек ырғағы ретінен жаңылған. Медицина тілінде мұны аритмия дейді. Тәжірибе алмасу барысында аритмологтар ең соңғы үлгідегі қондырғыларды қолдану жайын талқылады. Жалпы, жыл сайын дәл осындай диагнозбен келген науқастарға ел Үкіметі 3000 квота бөледі. Ресейлік маманның айтуынша, көрші елде мұндай ота кем дегенде 4500 АҚШ долларына жасалады. Шарапаты мол шара ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының қолдауымен іске асты.
Сергей Артеменко, кардиохирург:
- Жалпы, отаны жасауға шамамен 2-3 сағат уақыт кетеді. Ота кезінде науқас ояу жатады. Біз онымен әңгімелесіп, болып жатқан жағдайды айтып отырамыз. Отаны кеуде қасында жасалған үш түрлі тесік арқылы жүргіземіз.
Ғабит БӨКЕНБАЙ