Олардың 1 миллионы шетінеп кетеді. Ал, бір бөлігі мүгедек болып қалады. Бүгін Халықаралық шала туған балалар күніне орай «Ана мен бала» орталығында ашық есік күні өтті. Мерзімінен бұрын туған сәбилер түрлі мамандардың тегін қабылдауында болып, тексеруден өтті. Мереке аясында сондай-ақ, балалар тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ал, ата-аналар еліміздің үздік дәрігерлерімен кездесіп, кеңес алды. Мамандардың айтуынша, жаңа туған бала күтімінде ана сүтінің маңызы зор. Бүгінде дамыған елдерде ана сүті жасанды тамақтандыруға арналған тағамдарды нарықтан ығыстыруда. Ал, ондағы сұраныс азайған соң түрлі қоспалар өзге елдерге сатылуда. Олардың қатарында Қазақстан да бар.
Тамара Чувакова, неонатолог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы:
- Біз қазір шала туған балалардың өмірін сақтап қала аламыз, мемлекеттен қыруар ақша бөлінеді. Бір ампуласы 1,5-2 мың доллар тұратын дәрілер беріледі. Бірақ, оның да өз салдары бар. Сондықтан, болашақ аналар өз денсаулығын күту керек. Себебі, аналардың дені сау болса, шала туған балалар саны да азаяды.
Жамал Илясова, шараға қатысушы:
- Мен Астана қаласындағы 3-ші перинаталдық орталықта босандым. 28-29 апталығымызда. Мерзімінен бұрын туса да, дамуы жақсы. Тістері түгел шыққан. Дәрігерлердің бақылауында болды, әрине. Еңбектейді. Қазір жүруге әрекет қылып жатыр.
Ғазиза