ШҚО-да сары ауру жұқтырғандар саны 12-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да сары ауру жұқтырғандар саны 12-ге жетті

18.01.2018

Шолпан ауылында сары аурудан 11 жастағы балғын көз жұмды. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданына қарасты ауылда «А» вирусты гепатит жұқпалы ауруы өршіп тұр. Соңғы ақпаратқа сай, 12 оқушыға осы диагноз қойылған. Оқушылар сары ауруды көз жұмған балғыннан жұқтырды деген болжам бар. Қазіргі таңда мектеп іші залалсыздандырылып, кабинеттік білім беру жүйесі енгізілген. Бүгін Шолпан ауылында вирус жұқтырған балалар саны 49-ға жетті деген ақпар тараған еді. Бірақ, еліміздің Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бұл мәліметті жоққа шығарды. 

Жандарбек Бекшин, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Бас санитарлық дәрігер:

- Ол жай ішек ауруы емес, сары ауру. Сондықтан, біз мұндай ауруды зерттеуге, бақылауға аламыз. Себебі, оны жасырсақ, ертең тарап кетеді.

Ал, көз жұмған оқушының туыстары «медициналық көмек тым кеш келді», деп отыр. Әрі, диагноз уақытылы қойылмай, сары ауру асқынып кеткен деген ойларын айтты. 

Хабарламаларға жазылу