Алматыда менингококк инфекциясынан өткен демалыс күндері тағы екі адам қайтыс болды. Оның бірі 5 жастағы бала болса, екіншісі 19 жастағы бойжектен. Ең маңыздысы, 19 жастағы қыз 5 жасар баланың ағасының құрбысы болған. Яғни, қайтыс болған екі адам бір-бірімен тығыз байланысты. Алдымен түнгі сағат 2-де кішкентай бала көз жұмса, келесі күні таңертең бойжеткен де өмірмен қоштасқан. Баланың анасы инфекциялық аурухана қызметкерлеріне өкпесі жоқ екенін, бірақ, ауруханаға баласын өзі жеткізгенін, сондай-ақ, ұзын-сонар кезектің кесірінен, уақытты бекер өткізіп алғанын айтты.
Аманкелді СЕЙТХАН