Ағзаны химиялық дәрілермен улағаннан гөрі табиғи емге сүйенген пайдалы - Мамандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағзаны химиялық дәрілермен улағаннан гөрі табиғи емге сүйенген пайдалы - Мамандар

14.06.2018

Классикалық медицинаны дамытуға Қазақстанның қауқары жетеді. Өйткені, ел табиғаты емдік-дәрілік шөп қорына бай. Елордада бас қосқан 18 елдің ғалымдары мен ақ халаттылары Қазақстанның халықтық медицинасына осындай жоғары баға беріп отыр. Мамандардың пікірінше, дерт дендеп, дауа азайған қазіргі кезеңде ағзаны химиялық дәрілермен улағаннан гөрі табиғи емге сүйенген пайдалырақ. Бұл ретте Қазақстан өзге елдерден көш ілгері. Жалпы, медицинамен қатар, классикалық медицинаны одан әрі  дамыту үшін алдымен білікті мамандар өзара тәжірибе алмасуы қажет. Одан соң жасыл технологияны тыңғылықты зерттеп, пайдалы шөп-дәрілерді анықтау маңызды. Кезекті конференцияда осы мәселелер жан-жақты қаралды. 

Жасан Зекейұлы, Медициналық орталық президенті:

- Елімізде 800 мыңға жуық шөп түрі бар. Соларды зерттеп, халыққа емдік түрлерін жеткізу керек. Қазір әлем дабыл қағып жатқан кейбір химиялық медицинаның тосқауылдарына осы төтеп береді деген ойдамыз. 

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу