Астанада өтіп жатқан нейрохирургтардың халықаралық форумына 20 елден мамандар жиналған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өтіп жатқан нейрохирургтардың халықаралық форумына 20 елден мамандар жиналған

05.07.2018

Астанада медициналық туризм, оның ішінде, нейрохирург мамандардың қызметіне сұраныс жоғары. Ұлттық нейрохирургия орталығына көрші елдерден ем алуға келетін азаматтар саны жылдан-жылға артып отыр. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан нейрохирургтардың халықаралық форумында айтылды. Тек биыл ұлттық орталықта 30-дан астам шетелдік емделген. Бүгін форумның қорытынды күні.

Пленарлық отырысқа Мемлекеттік хатшы қатысты. Гүлшара Әбдіқалықова форумның басты қонағы ресейлік әйгілі Николай Бурденко атындағы  Нейрохирургия орталығының директоры Александр Потаповты 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Айта кету керек, халықаралық форумға 20 елден мамандар жиналған. Олар  нейрохирургия саласындағы соңғы тәжірибелерімен бөліседі. 

Серік Ақшолақов, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

- Дүниежүзілік нейрохирургтар қауымдастығының президенті, Азия нейрохирургтары конгресінің президенті, Еуропа нейрохирургтар ассоциациясының президенті келді. Сондай-ақ, Америка, Еуропа, Жапониядан келген мамандар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп жатыр.  Бұл отандық нейрохирургияның дамуына өз үлесін қосады деп ойлаймын.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу