Алдағы уақытта емханаға тіркелу тәртібі өзгеруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы уақытта емханаға тіркелу тәртібі өзгеруі мүмкін

11.07.2018

Жаңа жүйенің жұмысы туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов республикалық семинар-кеңесте айтты. Бас дәрігердің айтуынша, медициналық мекемеге тіркелу Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүру керек. Сонда ғана бұл мәселеде бірізділік болады. Бұл жерде тек жеке сәйкестендіру нөмірі болса болды. Медициналық сақтандыру қоры жұмысын бастаған аз уақыттың ішінде бірнеше олқылықтар кездесіпті. Кейбір тұрғындар өздері білмейтін мекемеде тіркеуде тұрған. Құжаттары қолдан жасалған.

Яғни, «бұл жерде бармақ бастылыққа барған», -  дейді министр. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін «Астана - адалдық алаңы» жобасы іске қосылды. Оның басты қағидасы адаммен адам байланыста болмауы керек, жұмыс тек электронды түрде жүруі керек. 

Жазира Жылқышиева, «Астана-адалдық алаңы» жобасының жетекшісі:

- Қылмыстық топты ұстап, барған пәтерден көрдік.  200-дей санитарлық кітапшалар, мыңнан астам анықтамалар, 80 түрлі мөр, барлығы дайын тұр. Барасыз да 2500-3000 сатып аласыз. Мектепте жұмыс істейтін адамдар сатып алып жұмыс жасаса, қандай қауіп ол?!

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу