Еліміздің санитарлық авиация паркі жыл өткен сайын жаңартылып келеді. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына әуе көліктері арқылы да жедел медициналық қызмет көрсету жолға қойылды. Мәселен, былтыр санитарлық авиация ұшақтары арқылы 400-ден астам науқас тасымалданды. 20 шақты операция сәтті жасалды. Бұл туралы бүгін «Қазавиақұтқару» мекемесінің өкілдері мәлімдеді. Қазір оларға қажетті заманауи техникалар сатып алынып, мамандардың біліктілігін арттыруға көңіл бөлініп жатыр екен. Биыл жыл басынан бері ұшқыштар 250 рет әуеге көтерілген. Сондай-ақ, «Қазавиақұтқару» көліктері табиғи апат жағдайында да көмекке дайын тұрады. Айталық, сәуір айында олар «Ақжайық» аймағындағы өртті сөндіруге қатысқан және көрші Қырғызстан тауларында альпинистерді құтқаруға аттандырылған.
Андрей Косолапов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры:
- Күніне 3-4 рет міндетті түрде санитарлық авиация ұшақтары көкке көтеріледі. Орта есеппен аптасына 15-17 науқасты әуе көліктері арқылы ауруханаларға шұғыл түрде жеткізіп отырамыз. Әр жағдай әр түрлі. Біздің мақсат – адамның өмірін арашалап қалу.
Мөлдір ЕРНАЗАР