«Вазар» препараты адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Вазар» препараты адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін

02.08.2018

80 миллиграммдық «Вазар» препаратын алған адамдар дәріні кері қайтарулары қажет. Өйткені, ол адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, препарат тегін рецептпен жіберіліп келген. Осы уақытқа дейін қазақстандықтарға 2,9 миллион «Вазар» дәрісі берілген.

Ал, жалпы ел бойынша «СҚ-Фармация» 6 миллион препарат сатып алған. Компания өкілдері «Вазардың» орнына «Вальсакор» дәрісін тегін беруге дайын. Ал, емделушілер ескі дәріні сатып алған жерлеріне өткізіп, өз дәрігерлеріне барып, басқа препаратқа рұқсат алулары қажет.  «Вазар» дәрісі қан қысымы мен жүрек тамырлары ауруларында пайдалынылады.

Берік Шәріпов, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы:  

Қан қысымымен ауыратындар өз дәрігерлеріне барып жаңа терапия алған жөн. «Вазардың» орнына жіберілетін «Вальсакор» дәрісінің саны әзірге жеткілікті. Қоймада 1,8 миллион данасы бар. Дәл осындай көлемде дәріханаларға таратылды. Тамыз айында әлі 2,4 миллион препарат келеді. Жыл соңына дейін емделушілерді осы дәрімен қамтамасыз етеміз. Бір айта кететін жайт, «Вальсакор» 160 миллиграмм. Сондықтан, оны екіге бөліп ішу қажет.  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу