Алматылық дәрігерлер урология саласы бойынша Кореяда білімдерін толықтыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық дәрігерлер урология саласы бойынша Кореяда білімдерін толықтыруда

28.08.2018

Қазір Оңтүстік Корея медицина саласы бойынша әлем елдерінің алдыңғы қатарында тұр. Сондықтан, өзге мемлекеттерден дәрігерлер тәжірибе алмасу барысында көп қатынайды. Біздің елден барған мамандар да бар.

Алматылық уролог дәрігерлер Пусан қаласындағы ірі медициналық орталықта урология саласындағы жаңа емдеу әдістерімен танысып, роботтық хирургия бойынша білімдерін толықтырып жатыр. Бүгінде Пусан ұлттық университеті ауруханасы толықтай робототехникамен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, «бүгінде ерлер арасында кең таралған түрлі ауруларды ешқандай операция жасамай-ақ, роботтың көмегімен емдейміз», -дейді кореялық мамандар.

Ха Хон-Гу, Пусан ұлттық университеті ауруханасының уролог дәрігері:

- Қазір ерлер арасында белең алған аурулардың бірі қуықалды безі мен бүйрек ауруы. Тіпті, бұл дерттер асқынғанда алдын алу қиындай түсетіні белгілі. Сондықтан, білгенімді үйретудемін. Бұл аурулар негізі лапароскопия негізінде немесе кесу арқылы емделеді. Қазір Кореяда  кесу әдісі қолданылмайды. Сондықтан, роботтық хирургияны қолданамыз. Ал, бұл әдіс жаңа болғандықтан, оны үйрену қажет деп ойлаймын.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу