Тіпті, дәріханалардағы баға белгіленген көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, жеке меншік мекеме иесіне айыппұл салынады. Мұны Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой айтты. Еліміздегі 8 жарым мың дәріханада 8 мыңдай дәрі сатылады. Сату мекемелерінің 94 пайызы жекенің қолында. Жекені қадағалау мүмкін емес. Сол себепті, олар өндірушінің құнына еселеп баға қосады. Бұдан былай мұндай жағдайларға тосқауыл қойылады. Бұған дейін тек 2000-дай дәрінің бағасы қадағаланып келген болса, енді елімізде сатылатын 8 мыңға жуық дәрі жіті бақылауда болады. Мұны реттейтін заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Дәрі жеткізушілердің 70 пайызы адал ниетпен жұмыс істейді. Олар белгіленген талап бойынша жүреді. Бағаны да шарықтатпайды. Алайда, дәріхана иелерінің ішінде арсыздары да бар. Жаңа тәртіп соларды тежейді. Заң жобасы бойынша біз дәрі-дәрмектің нақты бағасын белгілейміз де, сатушыларға сол бағадан көтере алмайтын етіп талап қойып қоямыз. Енді олар ойларына келгенін істей алмайды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.