Алматыда оңтүстіккореялық стандартқа сай жаңа емхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда оңтүстіккореялық стандартқа сай жаңа емхана ашылды

30.10.2018

Алматыда ішкі ауруларды емдеуге арналған оңтүстіккореялық стандартқа сай жаңа клиника ашылды. Мұнда ауыр жағдайдағы науқастарға білікті дәрігерлер нақты диагноз қойып, емдейді. Ал, дертінің емі қиын жандарға Оңтүстік Кореяға барып, арзан бағада ем алуына жағдай жасайды. Сондай-ақ, клиникада Қазақстанда пайдалануға сертификаты бар дәрі-дәрмектер ғана қолданылады. «Бұл емхана ел медицинасын дамытуға септігін тигізеді», - дейді мамандар. Өйткені, жыл сайын тек Алматыдан 10 мыңға жуық науқас шетел асатын көрінеді. 

Ғалымжан Тоғызбаев, клиниканың бас директоры:

- Ең бірінші мақсат - халық арасында денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру. Екіншіден, халыққа диагностиканы қолжетімді ету.

 

Аманкелді СЕЙТХАН 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу