«Оның басты себебі – науқастардың дәрігерге кеш қаралуы», - дейді мамандар.
Сондықтан, биыл онкологтар еліміздің 6 қаласында қатерлі ісікті дер кезінде анықтау бойынша еуропалық апталық өткізген. Шара аясында 500-дей адамнан сараптама алынып, ауру белгілерінің бар-жоғы анықталды. Мамандардың айтуынша, науқастардың 50-60 пайызға жуығы дертінің 3-4-ші сатысында ғана дәрігерге келеді. «Сондықтан, олардың жазылып шығу көрсеткіші төмен болады», - дейді. Ал, уақытылы қойылған диагностика мен емдеу жағдайында аман қалу көрсеткіші 90 пайыздан асады.
Дәурен Әділбай, онколог, хирург:
- Кеш сатыда анықталған бас пен мойын қатерлі ісігінің емделуі өте қиын, нәтижелері өте төмен. Олар көбінесе визуалды көрінетін ісіктер. Сондықтан, өзіңізді бақылап тұрсаңыз, ерте белгілері шығып тұрғанда дәрігерге қаралсаңыз, жеткілікті.
Аманкелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.