Астанада ана мен бала өлімінің жиілеп кетуіне байланысты мамандар жаппай оқу курстарынан өтіп жатыр. Біліктіліктерін арттыру мақсатында дәрігерлер шетелдік мамандардан шеберлік дәрістерін алуда. Тағы 20-сы Израильге аттанды.
Естеріңізде болса, жыл басынан бері елордада 7 әйел босану кезінде көз жұмған еді. Осы оқиғалардан соң оқыту шаралары күшейтілді. Сонымен қатар, Астанада акушер-гинеколог мамандар тапшы. Жетіспеушілік 15 пайыз.
Жанар Құсайынова, Астана қалалық №1 емхананың бас дәрігері орынбасары:
- Ауылдан, басқа жақтан бізге келетін тұрғындар өте көп. Сондықтан, дәрігерлерге салмақ өте көп түседі. Жұмысқа алып қалу үшін, жағдайларын көтеру үшін 10 баспана берілді.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.