Бұл ақпараьты Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Николай Радостовец айтты. Елдің тау-кен өндіру саласы жаһандық дағдарысқа қарамастан тұрақты. Дейтұрғанмен, металл мен сұйық отын бағаларының төмендеуі сезілуде.
Индустрияландырудың алғашқы 5 жылдығында 2,5 милиард доллар тұратын 60 кәсіпорын іске қосылды. Металлургиялық кешен өндірісі 22 пайыз өсім көрсетті. Сондай-ақ, тау-кен саласына салынатын инвестиция көлемі 25-30 пайызға артқан.