Қазірдің өзінде келесі жылға жоспарланған емдік заттардың 83 пайызы сатып алынған. Медициналық мекемелерге қаңтардың басынан жеткізіле бастайды. Жалпы, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізіміне 1144 түрлі дәрі кіреді. Биыл бұл тізімге жаңа емдік препараттар қосылды. Олар: ВИЧ ауруын емдейтін, туберкулез бен ағзасын ауыстырған науқастарды оңалтуға қолданылатын дәрілер. Қазір 72 миллиард теңгеге 1144 позицияның 350 -і алынды. Бұл артерия, жүрек, қант диабеті, онкология, гемофилия, склероз, өкпе, тыныс демікпесі ауруларын емдейді. Ал, жаңа жылдың басында қазақстандық фармзауыттар құны 50 миллиард теңге болатын 494 атауды жеткізеді. Қазақстанда аналогы жоқ 106 дәрілік зат бар. Ол тікелей шетелдік зауыттардан сатып алынатын болады. Елімізде диспансерлік есепте 45 ауру бойынша тіркелген науқас бар. Ал, дәріхана иелері бұрынғыдай дәрілерге ойына келген бағаларын қоя алмайды. Жаңа жылдан бастап оларды бақылау қатаяды.
Берік Шәріпұлы, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы:
- 1000 теңгеге сатылатын дәрі басқа өңірлерде кейде артық бағамен сатылады. Қазіргі кезде мұның бәрі Денсаулық сақтау министрлігімен қадағаланып отырады. Егер халық осындай жағдайларды кездестірсе, бұл дәріханалар жазаланады.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.