Қазақстанда туберкулезге шалдығу көрсеткіші азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда туберкулезге шалдығу көрсеткіші азайды

05.12.2018

«Бұл - еліміздегі осы дертпен күресу үшін жасалып жатқан шараларының арқасы», дейді мамандар.  Мәселен осыдан 10 жыл бұрын 33 мың адам құрт ауруына шалдықса, қазір ел бойынша 16 мың науқас тіркеуде тұр. Мамандардың айтуынша, өкпе дерті 25 пен 50 жас аралығындағы азаматтарда кездеседі.  Яғни, бұл қарқынды еңбек ететін шақ. Сондай-ақ, еңбек мигранттарының арасында да аталмыш дертке шалдыққандар кездеседі. Сол себепті, еліміздегі көші-қон мәселесіне де баса назар аударуымыз керек деген дәрігерлер бұл тақырыпты «Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты жиында талқылады. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның өкілдері қатысқан басқосуда тараптар туберкулезбен күресудің үздік тәжірибелерін қарастырды. 2017 жылы Қазақстанда 229 еңбек мигрантынан өкпе туберкулезі табылған. Биыл 165-і анықталыпты. Яғни, көрсеткіш азайды.

Мәлік Әденов, ҚР бас фтизиопульмонологы:

- Біз жағдайы жақсарғанша емдейміз. Емделушінің медициналық сақтандыруы болмаса, жаһандық қордың қаражатынан төлеп отырамыз. Мигранттар басқаларға жұқтырмауы үшін біздің қаражатқа емделеді.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу