Ақтөбеде мектеп оқушысы менингит диагнозымен ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мектеп оқушысы менингит диагнозымен ауруханаға түсті

06.12.2018

Жасөспірімге «менингит инфекциясының жайылған түрі» деген диагноз қойылған.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, оқушы 25 қарашадан бастап ауырған. Алайда, ол тұмау жұқтырдым деп ойлап, өз бетінше үйде емделген. Дәрігерлер оның менингит жұқтырғанын бір аптадан соң анықтап отыр.

Мұхтар Сербаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Үйінде өзі ем алып жүре берген. Дәрігерге дер кезінде қаралмаған. Сондықтан, қазір ауруханаға түсіп отыр. Емін алып жатыр. Үйінде ағымдағы дезинфекция жүреді.

Қазір мектепте дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Алайда, оқу процесі әдеттегідей жүріп жатыр. Ауру жұқтырған баланың сыныбына ғана карантин жарияланған. Оларға дене шынықтыру, технология сабақтары өз кабинеттерінде өткізілуде.

Жалпы, биыл өңірде 6 адамнан менингит инфекциясы анықталған. 

Бағдат Орынбаева, №20 орта мектептің директоры:

- Ата-анасымен хабарласып отырмыз. Баланың жағдайы ауыр қалпында деп  айтуда. Ол оқитын сыныпта карантин жарияланды. Оқушымен байланыста болған 21 оқушы және 15 мұғалім тексеруге жіберілді. Қазір қорытындысын күтіп отырмыз.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу